Қазақстан және Ұлыбритания пугваш ұйымдары басшыларының кездесуі

Кездесудің негізгі қорытындылары
Қазақстан Ядролық қоғамының президенті,
Қазақстан Пагуош комитетінің төрағасы Владимир Школьник
және британдық Пагуош тобының төрағасы Питер Дженкинс
(27 ақпан 2020 ж., Лондон қ.)

 

Пагуош комитетінің 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Ұлыбританияның Пагуош ұйымдары басшыларының бірінші кездесуі өтті. Тараптар комитеттердің қызметі туралы ақпаратпен алмасты. Өз кезегінде В. Школьник Қазақстанның Пагуош комитетінің жұмыс бағыттары туралы презентациялық материалдарды табыс етті.

Кездесудің негізгі нәтижесі келесі бағыттар бойынша өзара қызығушылық тудырды:

1) Ядролық қарусыздану және таратпау.

Питер Дженкинс Пагуош конференцияларының Женева кеңсесінің директоры Сергей Бацановты (КСРО/РФ экс-елшісі) осы мәселеге қосумен "Ядролық қатерді төмендету" (Nuclear risk reduction) тақырыбы бойынша бірлескен семинар өткізуді қарастыруды ұсынды.

2) Жаңартылатын энергия көздері.

Британдық Пагуош тобының мүшесі доктор Кристофер Уотсонмен кездесу перспективасы белгіленді, ол жаңартылатын энергия және климаттың өзгеруі мәселелерімен айналысады.

3) Қазақстан Пагуош комитетінің Жастар бөлімі мен Біріккен Корольдіктің студенттік / жастар Пагуошы (Student / Young Pugwash UK) арасындағы ынтымақтастық.

 


*Питер Дженкинс Британияның Сыртқы істер қызметіне 1973 жылы қосылып, Кембриджді классикалық философия мамандығы бойынша бітіріп, екі жыл Гарвардтың Өнер және ғылымдар жоғары мектебінде Харкнестің стипендиаты ретінде өтті. Оның 33 жылдық дипломатиялық мансабы оны Венаға (екі рет), Вашингтонға, Парижге, Бразилияға және Женеваға алып келді.
Вашингтонда ол 1980-ші жылдардың басында екі елшінің жеке хатшысы болған. Парижде ол біртұтас еуропалық нарықты құруға байланысты туындаған мәселелермен айналысты. Бразилияда ол миссия басшысының орынбасары болды. Женевада Доха раунды басталу қарсаңында Ұлыбританияның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы басты өкілі болды.
Ол алғаш рет 1970 жылдары қызмет еткен Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінде және БҰҰ-ның басқа ұйымдарында елші болды. Онда оның негізгі бағыты халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшіліктің ядролық аспектілері, әсіресе Иранның ядролық мәселесі болды.
Қазіргі уақытта ол «Елшілердің серіктестігі», корпоративтік дипломатия саласындағы халықаралық серіктестіктің мүшесі болып табылады және Иранның ядролық саласындағы іс-әрекеттері бойынша саяси пікірталастарға жиі қатысады. 2010 жылдан 2012 жылға дейін ол Женева қауіпсіздік саясаты орталығының қызметкері болды. 2017 жылдан бастап Пагуош қозғалысының Британдық филиалының төрағасы.
Ақпарат көзі: britishpugwash.org