Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігінің ғалымдары ядролық физика және ядролық медицина саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуде

2022 жылы 23-26 тамызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының бас директоры, Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшесі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Сахиев С.Қ. бастаған Ядролық физика институтының ғалымдары делегациясы іс-сапар аясында Бельгия Корольдігінде болды. Іс-сапар Валлондық экспорт және инвестиция агенттігімен (AWEX), Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің Елшілігімен, Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Сапар барысында профессор Сахиев С.Қ. JohnCockerill, IBA, Радиоэлементтер ұлттық институты (IRE), Бельгиялық ядролық зерттеулер орталығының (SCK CEN) басшылықтарымен кездесті.

Кездесулер нәтижесінде ҚР ЭМ ЯФИ-нің тәжірибелік базасын пайдалана отырып, бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері талқыланды және ҚР ЭМ ЯФИ мен Бельгиялық ядролық зерттеулер орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстандық және бельгиялық сарапшылардың ядролық физика және ядролық медицина саласындағы сындарлы келіссөздері осы салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін ашты.

Толық ақпарат мына сілтемеде: www.inp.kz