Британдық Пугваш пен Қазақстанның Пугваш комитеті арасындағы ядролық қауіп-қатерді азайту жөніндегі бірлескен семинар

2022 жылғы 30 және 31 наурызда 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстанның Пугваш комитетінің мүшелері екі күндік онлайн семинарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. Семинарды Британдық Пугваш ұйымдастырды. Семинардың күн тәртібі ядролық қауіп-қатерді азайту мәселелеріне арналды және семинарға қатысушылар ұсынған 8 баяндаманы қамтыды.

Семинар модераторлары ҚПК мүшесі, «ҚАЭҚ» АҚ бас директоры Т.М. Жантикин және Халықаралық Пугваш қозғалысының мүшесі С.Б. Бацанов болды. Қазақстан тарапынан баяндамаларды Жантикин Т.М., Савельев С.Р., Миниязов А.Ж., Игибаев У.А. және британдық тараптан Инграм П., Сэмюэл О., Спенсер Г., Эллвуд Д. ұсынды (семинардың толық күн тәртібі осында қоса берілген).

Сондай-ақ семинарға Британдық Пугваш ұйымының төрағасы Дженкинс П., ҚЯҚ жанындағы АТАО директоры Алиев С.А., Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің кеңесшілері Қайролда А. және Омаров А. қатысты.

Барлық қатысушылар ұсынылған баяндамаларды талқылауға белсенді қатысты. Семинардың күн тәртібінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, ядролық тежеу, қарусыздану және таратпау мәселелері, Семей полигонын жабу және оны қауіпсіз жағдайға келтірудегі тарихи қазақстандық тәжірибе қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар қазақстандық қатысушылардың баяндамаларын жоғары бағалап, ядролық қауіп-қатерді азайтудың маңызды мәселелеріне жарық түсіргені үшін қатысқандардың барлығына алғыс білдірді. Бұл сәтті іс-шара Қазақстандық Пугваш комитеті мен Британдық Пугваш арасындағы ғалымдардың халықаралық Пугваш қозғалысының мақсаттарына жету жолындағы ынтымақтастықтың тұрақты дамуының маңызды бөлігі болып табылады.