Болашақ ядролық физика мамандарына арналған онлайн-кездесулер циклы

12-14 маусым аралығында Қазақстан Пагоуш Комитетінің (ҚПК) коөмегімен, ҚПК-нің 2019 жылы өткізілетін шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан ядролық қауымының Атом энергиясы бойынша ақпарат орталығында болашақ ядролық физика мамандарына арналған 3 күндік онлайн-кездесулер циклы өтті.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің "Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасы" кафедрасының студенттері мен ұстаздары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының (ҚР ҰЯО), Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының (ҚР ЯФИ), және Қазақстан Пагоуш комитетінің мүшелерінің қызметімен танысты. Бұған қоса, халықаралық ғылыми тәжерибемен танысу бағдарламасы барысында ҰЗТУ "МИСиС", Лебедев атындағы ҒАФИ (Мәскеу, РФ) және Манипал технологиялық институты (Манипал, Үндістан) өкілдері сөз сөйледі.

Жиналған 40-тан астам студенттер аудиториясы алдында келесі баяндамашылар сөз сөйледі:

  • Миниязов Арман Жанарбекович, ҚР ҰЯО, ҚПК мүшесі, баяндама тақырыбы: «Бейбіт ядролық технологиялар аясындағы ҚР ҰЯО РМК тәжерибесі мен құзыреті», «Реакторлық материалтану»;
  • Мухамедов Нуржан Еролович, ҚР ҰЯО, баяндама тақырыбы: «ИГР реактореында өткізілетін сынақтардың қауіпсіздігінің есептік негіздемесі»;
  • Боргеков Дарын Боранбаевич, ҚР ЯФИ, баяндама тақырыбы: «ҚР ЯФИ-да өткізілетін ядролық физика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер»;
  • Козловский Артем Леонидович, ҚР ЯФИ, баяндама тақырыбы: «Иондаушы сәулеленудің ядролық энергетикаға арналған нитридтік материалдардың құрылымдық қасиеттеріне және радияциалық төзімділігіне тигізетін әсері»;
  • Митягин Юрий Алексеевич, П.Н. Лебедев атындағы ҒАФИ (Мәскеу, РФ), баяндама тақырыбы: «Жартылайөткізгіш асқынторлар мен кванттық шұңқырлардан жасалған қурылымдардағы резонанстың түнельдеу»;
  • Теленков Максим Павлович, НИТУ «МИСиС» (Москва, РФ), т баяндама тақырыбы: «Оптоэлектроникадағы кванттық шұңқырлардан жасалған гетероқурылымдар»;
  • Nagaraja Kodihalli Kireeti/Нагараджа Кодихалли Киреети, Манипал технологиялық институты (Манипал, Үндістан), баяндама тақырыбы: «Фотовольттік қолданбаға арналған GaAs/AlGaAs Мульти-Тосқауылдық кванттық шұңқырлы құрылымдар»