«АЭС мүмкіндігі» тақырыбындағы дискуссия

10 ақпан 2023 жылы «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС ҚазҰУ-мен бірігіп атом энергетикасының дамуы мен қажеттілігі жайлы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен Алматы қаласында арнайы дискуссиялық алаң ұйымдастырды. Бұл шараға ҚПК мүшесі, ҚР ҰЯО зертхана басшысы Миниязов А.Ж. қатысты. Дисскуссия энергетиктер, экологтар және атом саласының мамандарының қатысуымен өтті.

Шараның нәтиежесінде атом энергиясының маңызы, атом электр станциясын салу мен пайдалануға байланысты өзекті сұрақтар, сонымен қатар шетелдік тәжірібие, мамандарды дайындау мәселелері талқыланды. Шақырылған мамандар өз пікірлерін білдіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар берді.