Жастарға арналған жасанды интеллект туралы

ҚазҰЖҒА жанындағы ҚПК Хатшылығы 2026 жылғы 6 қазанда «Қазақстан Пагуош комитетінің 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарының» I бөлімінің 1.3 тармақшасына сәйкес (*ҚР «Жасанды интеллект туралы» Заңы — «Цифрлық гигиена: онлайн әлемде өзіңізді қалай қорғауға болады» (киберқауіпсіздік бойынша) және «Айналамыздағы ақылды технологиялар: жасанды интеллект күнделікті өмірді қалай өзгертеді» тақырыптарында дәріс/семинар өткізу) KazRENA қауымдастығы (Алматы қ.) мен «ЯОК» ИЦАТ (Астана қ.) базасында гибридті форматта ҚПК мүшелерінің, ғылыми қоғамдастық өкілдерінің, Астана, Алматы және Семей қалаларындағы жоғары оқу орындары, колледждер мен лицейлердің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен іс-шара өткенін хабарлайды. (Бағдарлама — 1-қосымша.)

Семинарды кіріспе сөзбен KazRENA қауымдастығының бас директоры, профессор Джапаров Б.А. (модератор) ашып, қатысушыларды іс-шара бағдарламасымен таныстырды.

Алғаш болып KazRENA қауымдастығының IT-сарапшысы Нурлыбаев Т.А. «Цифрлық гигиена: онлайн әлемде өзіңізді қалай қорғауға болады» және «Айналамыздағы ақылды технологиялар: жасанды интеллект күнделікті өмірді қалай өзгертеді» тақырыптарында баяндама жасады.

Байпаков М.К. (PhD) «Жасанды немесе жалған интеллект» тақырыбында презентация жасады.

Алиев С.А. — «Қазіргі әлемдегі әлеуметтік желілер» тақырыбында.

Барлық баяндамалар талқылаумен және қатысушылардың сұрақтарына жауап берумен аяқталды.

Талқылауларға ҚПК мүшелері: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Жакишева С.А. және ҚБТУ профессоры Лаумулин Ч.Т. қатысты. Олар студенттермен жұмыс істеуде жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесімен бөлісіп, оның оқу үдерісінде қандай міндеттерді шешуге көмектесетінін, ал қандай міндеттерде, керісінше, тәуекелдер туындатып, оқытушы тарапынан бақылауды қажет ететінін атап өтті.

Іс-шара қатысушылардың жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен тәуекелдері, ҚР «Жасанды интеллект туралы» Заңының ережелері, цифрлық гигиена қағидалары және интернет-алаяқтықтан, соның ішінде дипфейктерді қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтан қорғану шаралары туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ білім беру мен ғылыми қызметте жасанды интеллект технологияларын жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Профессор Джапаров Б.А. семинарды қорытындылап, баяндамашылар мен талқылауға қатысушыларға алғыс білдірді, қаралған мәселелердің өзектілігі мен семинардың практикалық маңызын атап өтіп, жастар мен ғылыми қоғамдастық үшін осындай іс-шараларды жалғастыруды қолдады. Семинарды өткізу Цифрландыру және жасанды интеллект жылының міндеттеріне, БҰҰ-ның ақпараттық теңсіздікті жою саласындағы тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келеді.

Іс-шараға барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

Толығырақ сайтта: http://www.nuclear.kz/