15-16.07.2026 ж. Лондонда АҚШ Сауда және даму агенттігі (USTDA) ұйымдастырған Civil Nuclear Energy Workshop: Partnering for Implementation халықаралық семинары өтті. Іс-шараға Еуропа және Еуразия елдерінің мемлекеттік, ғылыми және салалық ұйымдарының өкілдері, оның ішінде Қазақстан мамандары қатысты.

Семинар аясында атом энергетикасы жобаларын іске асырудың практикалық мәселелері, заманауи реакторлық технологияларды енгізу, жобалық басқару және қаржыландыру, кадрлық әлеуетті дамыту және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазақстандық мамандар, оның ішінде Қазақстан Пагуош комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Атом энергиясы институты директорының орынбасары Миниязов А.Ж., сараптамалық сессияларға және шетелдік серіктестермен іскерлік кездесулерге қатысты. Алынған тәжірибе мен орнатылған кәсіби байланыстар атом энергиясын қауіпсіз және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстанның ұлттық құзыреттері мен халықаралық ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін маңызды болып табылады.
Іс-шара туралы ресми ақпарат: U.S. Trade and Development Agency (USTDA) сайтында: https://www.nuclearworkshops.com