«Сабыр Қасымовтың ғылыми-әдіснамалық қызметі» ғылыми конференциясы

ҚазҰЖҒА жанындағы Қазақстан Пагуош комитетінің хатшылығы 2026 жылғы 12-15 шілдеде Астанада «Сабыр Қасымовтың – Жобалық офис басшысының, Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның әдіснама жөніндегі кіші комиссиясы басшысының ғылыми-әдіснамалық қызметі» тақырыбында конференция өткенін хабарлайды.

Конференция жұмысына шақырылған қатысушы – ҚазҰЖҒА жанындағы Қазақстан Пагуош комитетінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессоры Сәуле Жақышева, «Қазақстандағы жаппай тәркілеу (экспроприация), күштеп ұжымдастыру, отырықшыландыру, сондай-ақ астық, ет және мал дайындауды күшпен жүргізу процестерін зерделеу мен бағалаудың жаңа әдіснамасы» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шараға 70-ке жуық адам қатысты.