ҚПК хатшылығы 2026 жылғы 22–25 сәуір аралығында Алматы қаласында II Азия көміртек конференциясы - Asian Carbon 2026 / The Second AACG Carbon Symposium өткенін хабарлайды. Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Тайвань және басқа да елдердің ғалымдары мен мамандары қатысты.
Конференцияны дайындау және өткізу жұмыстарына ҚазҰЖҒА жанындағы ҚПК мүшесі, PhD Марат Байпақов белсенді қатысты.

Марат Байпақов ғылыми сессияның модераторы болды, сондай-ақ “Utilization of carbon materials and their derivatives in nuclear power engineering and nuclear fuel” тақырыбында сараптамалық баяндама жасап, мақала ұсынды.
Зерттеу атом энергетикасы мен ядролық отында көміртек материалдары мен олардың туындыларын қолдану мәселелеріне арналған. Инновациялық көміртек композиттерін радиациялық төзімділікті, сенімділікті және реакторлық технологиялардың қауіпсіздігін арттыру үшін пайдалану перспективаларына ерекше назар аударылды. Бұл бағыт IV буын реакторлары мен шағын модульдік реакторларды дамыту үшін маңызды ғылыми-технологиялық мәнге ие.

Іс-шара туралы толық ақпаратпен мына сайттан танысуға болады: https://icp.kz/