ҚПК хатшылығы ҚПК-ның 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарының I бөліміндегі 1.3-тармақшасын орындау мақсатында 2026 жылғы 8 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің биотехнология және микробиология кафедрасы базасында дөңгелек үстел өткенін хабарлайды. Іс-шара биотехнология және биологиялық қауіпсіздік салаларында магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға, сондай-ақ оларды даярлаудағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағыттарына арналды.

Гибридті форматта өткен іс-шараның модераторы ҚПК мүшесі, доцент, биология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ биотехнология және микробиология кафедрасының меңгерушісі Ж.К. Масалимов болды.
Дөңгелек үстел жұмысына онлайн-форматта ҚПК мүшесі, PhD, Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығының протеомика және масс-спектрометрия зертханасының меңгерушісі П.В. Тарлыков, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, 23 білім алушы — магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ шақырылған сарапшылар мен белгілі ғалымдар қатысты. Олардың қатарында Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana өкілдері А.Р. Кушугулова және С.С. Кожахметов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығынан М.К. Жабагин және В.С. Киян болды.
Қатысушылар қазіргі жағдайда осы сала үшін жоғары білікті кадрларды даярлау тек университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының күш-жігерін біріктіруді ғана емес, сонымен қатар халықаралық академиялық қоғамдастықтың серіктес ретінде белсенді қатысуын да талап ететінін атап өтті.
Талқылау барысында қолданыстағы білім беру бағдарламаларына талдау жасалып, магистранттар мен докторанттардың пікірлері тыңдалды. Білім алушылар бағдарламаның дамуының оң жақтарын атап өтіп, болашақта практика базаларын кеңейту қажеттігін білдірді.
Мүдделі тараптардың өкілдері практикалық бағытталған тәсілді күшейтудің маңыздылығын атап өтті, ал сарапшылар білім алушылардың молекулалық биология, геномика және биоинформатикалық талдаудың озық әдістерін терең меңгеруі қажет екенін айтты. Диссертациялық зерттеулерді ғылыми-зерттеу институттары мен бейінді экономика секторының нақты қажеттіліктерімен тікелей интеграциялауға ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар биотехнология және биологиялық қауіпсіздік бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту бағыттарын келісіп, практикалық даярлықты күшейтуге, диссертациялық зерттеулерді бейінді ғылыми-зерттеу институттарының сұраныстарымен интеграциялауға және халықаралық әріптестікті кеңейтуге басымдық берді.
Іс-шара туралы толық ақпаратпен мына сайттан танысуға болады: https://fns.enu.kz