2025 жылы 19-21 қарашада ҚазҰЖҒА жанындағы Қазақстанның Пагуош комитетінің қолдауымен «Электрохимиялық материалтану бойынша 5-ші Халықаралық олимпиада» (V- International Olympiad in Electrochemical Material Science) өтті. Олимпиаданың ұйымдастырушысы және демеушілері ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасы және аналитикалық және коллоидтық химия және ТРЭ кафедрасы болды.

Олимпиаданы ұйымдастыруға, сондай-ақ қазылар алқасының құрамында әртүрлі елдердің өкілдері қатысты:
- 1. PhD Федор Мальчик – Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан.
2. Dr. Netanel Shpigel – Ariel University, Израиль.
3. Prof. Ilie Hanzu – TU Graz, Австрия.
4. Prof. Thierry Jenizian – Ecole Nationale Supérieure des Mines de Saint-Etienne, Франция.
5. Докторант Ярослав Жигаленок, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
6. Докторант Сәкен Әбдімомын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Іс-шараның ашылуында құттықтау сөздерін химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, КАЕУ президенті Ережеп Мабетқазиев және профессор, Dr. Yuri Gogotsi, Наноматериалдар институтының директоры айтты.

Олимпиада практикалық онлайн форматта өтті: қатысушылар өз университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарының зертханаларында тапсырмаларды қазылар алқасының бейнетрансляция арқылы бақылауымен орындады. Үш сағаттық жұмыстың қорытындысы бойынша командалар ағылшын тілінде есептер тапсырды, олар кейін халықаралық қазылар алқасы тарапынан мұқият талданып, бағаланды.

Олимпиадаға сегіз елдің он үш университетін таныстырған он екі команда қатысты.
- 1. «Energetic people», INM Leibniz Institute for New Materials, Германия;
2. «Hotpot», Helmholtz Institute Ulm, Германия;
3. «Sodiumites», Nazarbayev University, Қазақстан;
4. «Analytics NUUz», National University of Uzbekistan, Өзбекстан;
5. «Chemfusion», Navoiy State University, Өзбекстан;
6. «NUU's chemists», National University of Uzbekistan, Өзбекстан;
7. «Alchemists», National University of Uzbekistan, Өзбекстан;
8. «E0 Collective», "Babes-Bolyai" University, Румыния;
9. «Spark», Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Қазақстан;
10. «Crocodiles», Al-Farabi Kazakh National University, Қазақстан;
11. «AMEX», KBTU, IFCE, Қазақстан;
12. «Smart Materials», Amanzholov University, Қазақстан.
5000 ЕВРО көлеміндегі жүлде қоры демеушілер мен серіктестердің қолдауымен қалыптастырылды: Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасы, WTC Group, Labtex, ALEMTRADE COMPANY, Қазақстан-американдық еркін университеті, CIQTEK.
2025 жылғы 21 қарашада жеңімпаздарды ресми марапаттау және орындалған тапсырмаларды жан-жақты талдау өтті. Қазылар алқасының жұмысының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I. «Hotpot», Helmholtz Institute Ulm, Германия;
II. «Crocodiles», Al-Farabi Kazakh National University, Қазақстан;
III. «Energetic people», INM Leibniz Institute for New Materials, Германия.

Осындай практикалық бағыттағы халықаралық олимпиадаларды өткізу жастардың электрохимия және материалтану саласындағы құзыреттерін дамытуға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның ғылыми әлеуетін әлемдік аренада ілгерілетуге ықпал етеді.

Іс-шараға команда мүшелерін қоса алғанда, 50-ден астам адам қатысты.
Толығырақ ақпарат келесі сілтемеде ұсынылған: https://farabi.university/news/100389?lang=en