ҚПК хатшылығы 2025 жылдың 24 сәуірінде Астанадағы "Park Inn by Radisson" қонақүйінде гибридті форматта «Атом энергетикасы мен технологиялары: болашаққа қадам» тақырыбында «Қазақстанның ядролық қоғамы» (ҚЯҚ) мен «Ресей Федерациясының отандық ядролық қоғамы» бірлескен дөңгелек үстелінің отырысы өткізілгенін хабарлайды.
Қазақстандық ғалымдар «ҚЯҚ» Ассоциациясының мүшелері: Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ және ҚПК мүшелері: Б.М. Ибраев, С.К. Сахиев, М.К. Мукышева және Т.З. Ахметов ұсынылды.
Ресей тарапынан – «Ресей Федерациясының отандық ядролық қоғамының» мүшелері: "Курчатов институты" Ұлттық зерттеу орталығы және оның ұйымдары, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының «ЭТҒЗКИ» АҚ, «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті.
Модераторлар: Тажибаева Ирина Лашкаровна – «ҚЯҚ» Ассоциациясы басқарма төрағасы және Сидоров Евгений Борисович – «Ресей Федерациясының отандық ядролық қоғамының» атқарушы директоры болды..
«Атом энергетикасы және технологиялары: болашаққа қадам» тақырыбындағы бірлескен дөңгелек үстел бағдарламасы аясында қатысушылар 23 презентация жасап, қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша кең пікір алмасты (дөңгелек үстел бағдарламасы – 1-қосымша).
Тараптар бірлескен іс-шараның маңыздылығын және екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды дамыту перспективасын атап өтті.
Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.
Толығырақ сайтта танысуға болады: http://www.nuclear.kz