Пугваш ғалымдар қозғалысының хатшылығының хабарламасы

Пугваш хатшылығы 2023 жылы 27 мамырда 85 жасында Пугваш ғалымдар қозғалысының бұрынғы президенті (2007-2017), Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының қарусыздану мәселелері бойынша орынбасары (1998-2003), 1995 жылғы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың жұмысына шолу жасау жөніндегі тарихи шолу конференциясының төрағасы, Шри-Ланканың Төтенше және Өкілетті Елшісі Джаянта ДХАНАПАЛА (1938 ж. 30 желтоқсан – 2023 ж. 27 мамыр) қайтыс болғанын хабарлайды.

ҚазҰЖҒА жанындағы Қазақстанның Пугваш комитеті отбасы мен достарына, сондай-ақ 2017 жылы Астанада өткен Пугваш ғалымдар қозғалысының 62-ші конференциясы аясында Джаянта ДХАНАПАЛА мырзамен таныс болып, бірге жұмыс істеу құрметіне ие болғандардың барлығына шын жүректен көңіл айтады.

Дереккөз: https://pugwash.org/2023/05/28/remembering-jayantha-dhanapala-1938-2023/