ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының дөңгелек үстелі

2023 жылы 12 мамырда ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында салалық ғылым академиялары мен ғылыми қауымдастықтардың басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚазЖҒҰА Бірінші вице-президенті, ҚПК төрағасы, профессор, ф.-м.ғ.д В.С. Школьник және ҚазЖҒҰА Вице-президенті және Бас ғылыми хатшысы, ҚПК мүшесі, профессор, т.ғ.д. Ә.Ә. Зейнуллин қатысты.

Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде саланың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.