Көктемгі AtomFEST-2023

2023 жылдың 11-12 сәуірінде Республикалық физика-математика мектебінде физика апталығы аясында «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы AtomFest'23 өткізді.

Бұл кездесуді ұйымдастырушы Қазақстан Пугваш комитетінің мүшесі, ҚР ҰЯО РМК Астана филиалының директоры, профессор, т.ғ.д. Мукушева М.К. және Атом технологиялары жөніндегі ақпараттық орталық директоры Алиев С.А. қатысуымен өтті.

Мукушева М.К. және Алиев С.А. 8-9 сынып оқушыларына «Бейбіт атом» тақырыбында дәріс оқып, «Global Atomic Quiz» викторинасын өткізді.

Студенттер атом энергетикасын дамыту бойынша лекцияны үлкен қызығушылықпен тыңдап, өте қызықты сұрақтар қойып, викторинаға белсене қатысты.

Толығырақ Қазақстан ядролық қоғамының сайтында.