Басты бет Іс-шаралар

Іс-шаралар

Ұйымдастыру іс-шаралары

т.1.1
I тоқсаны, 2020

«ҚПК Жастар бөлімінің 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарымен» бірге «ҚПК-ның 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жобасын және ҚазҰЖҒА президиумында бекіту үшін ҚПК мүшелерінің жаңартылған құрамын дайындау

Аяқталу түрі: ҚазҰЖҒА президиумінің шешімі

Жауптылар: Ахметов Т.З., Зейнуллин А.А., Миниязов А.Ж.

т.1.2
I тоқсаны, 2020

2020 жылға арналған ҚПК қызметінің бюджет жобасын пысықтау

Аяқталу түрі: Бекіту

Жауптылар: ҚЯҚ (келісім бойынша)

т.1.3
бір жыл ішінде

ҚПК қызметінің бағыттары бойынша жұртшылықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу: ядролық, химиялық, биологиялық, экологиялық қауіпсіздік (техногендік және табиғи) және ақпараттық қауіпсіздік саласында ықтимал тәуекелдері бар зерттеулердің басым бағыттары бойынша жобалар іске асырылатын кәсіпорындарға техникалық турлар ұйымдастыру; елдің жоғары оқу орындарында арнайы дәрістер өткізуге жәрдемдесу; ҚПК мүшелерінің қатысуымен телевизиялық хабарлар мен дөңгелек үстел, соның ішінде: – Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды, Түркістан, Өскемен қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттерімен, магистранттарымен кездесулер циклін ұйымдастыру.

Аяқталу түрі: Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат, оларды ҚЯҚ журналында жариялау және ҚПК сайтына орналастыру

Жауптылар: ҚЯҚ АЭЯО, ҚР БҒМ, ҚР МЭ, ҚР ҰЯО РМК, «KazRena» қауымдастығы, Kazenergy қауымдастығы, ҚПК хатшылығы

т.1.4
IV тоқсаны, 2020

Қазақстандағы биотехнология: жаһандық сын-қатерлер мен даму перспективалары.

Аяқталу түрі: ҚПК отырысында презентация жасау

Жауптылар: Жастар бөлімшесі, Тарлыков П.В.

т.1.5
IV тоқсаны, 2020

Қазақстанның «KazRena» ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының қызметі

Аяқталу түрі: ҚПК отырысында презентация жасау

Жауптылар: «KazRena» қауымдастығы

Қару-жарақты бақылау, жаппай-қырып жою қаруын таратпау, қысқарту және тыйым салу мәселелері, жалпы және өңірлік қауіпсіздік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелері, халықаралық және өңіраралық ғылыми байланыстарды, ғылыми қауымның әлеуметтік жауапкершілігін, ғылым мен халықаралық қатынастар тарихын дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық және өңіраралық ғылыми ынтымақтастықты үйлестіру:

т.2.1
бір жыл ішінде

Ядролық физика, радиациялық материалтану, радиоэкология және кадрлар даярлау саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде: — ЯФИ АФ ДЦ-60 үдеткіші үшін иондардың жаңа көзін құру; — ВВР-К реакторында ұнтақты дифрактометр құру жобасын әзірлеу; — темір оксиді негізіндегі наноқұрылымды материалдардың магниттік сипаттамаларын зерттеу; — керамикалық материалдардың құрылымдық сипаттамаларына иондаушы сәулеленудің әсерін зерттеу; — карборандық қосылыстарды синтездеу және магнитті наноқұрылымдарға байланыстыру бойынша зерттеулер; — Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанттары мен магистранттарына дәрістік және практикалық сабақтар курстарын өткізу үшін БЯЗИ зертханаларының ғылыми қызметкерлері мен профессорларын тарту; — БЯЗИ АТЗ және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ негізінде бөлінген ақпараттық-есептеу ортасын құру жобасын әзірлеу.

Аяқталу түрі: Біріккен ядролық зерттеулер институты (БЯЗИ), Дубна қ., РФ

Жауптылар: ҚР ЭМ ЯФИ РМК, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚПК мүшелері

т.2.2
бір жыл ішінде

Азиядағы ядролық кооперация форумының (FNCA) жұмысына қатысу

Аяқталу түрі: Шетелдік серіктестермен кездесулер ұйымдастыру    

Жауптылар: ҚПК хатшылығы және ҚР ҰЯО РМК

т.2.3
маусым, 2020

Қазақстандық физикалық қоғамның ІІІ жиналысын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу

Аяқталу түрі: Жиналыс ұйымдастыру

Жауптылар: ҚПК хатшылығы және ҚР ҰЯО РМК

т.2.4
тамыз, 2020

БҰҰ стипендиаттарының бұрынғы Семей сынақ полигонына сапарын ұйымдастыруға жәрдемдесу

Аяқталу түрі: Сапар ұйымдастыру

Жауптылар: ҚПК хатшылығы және ҚР ҰЯО РМК

т.2.5
қыркүйек, 2020

«Семей сынақ полигоны. Радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» IX Халықаралық конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу

Аяқталу түрі: Конференция ұйымдастыру

Жауптылар: ҚПК хатшылығы және ҚР ҰЯО РМК

т.2.6
қыркүйек, 2020

МАГАТЭ Бас конференциясының 64-ші сессиясында қазақстандық көрме стендін ұйымдастыруға жәрдемдесу

Аяқталу түрі: Көрме стенді

Жауптылар: ҚПК хатшылығы және ҚР ҰЯО РМК

т.2.7
10-14 тамыз, 2020

Алматы қ. ХІ Халықаралық «Ядролық сынақтар мен олардың салдарын мониторингілеу» конференциясын дайындауға жәрдемдесу

Аяқталу түрі: ҚПК және ПҒҚ мүшелерінің конференцияға қатысуы бойынша шақыруларды (ұсыныстарды) дайындау

Жауптылар: ҚР ЭМ ГЗИ РМК, ҚПК хатшылығы

т.2.8
25.03.-05.04.,
26.08.-06.09. 2020

ГЗИ РМК деректер орталығы негізіндегі ЯСЖТШ-ға қолдау көрсететін оқу орталығының жұмысына және норвегиялық Норсар орталығымен ынтымақтастыққа жәрдемдесу

Аяқталу түрі: ПҒҚ және ҚПК мүшелерінің ұсыныстары мен қатысуы

Жауптылар: ҚР ЭМ ГЗИ РМК, ҚПК хатшылығы

т.2.9
бір жыл ішінде

ҚР ҰЯО РМК-ның ядролық зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға конверсиялау жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесу

Аяқталу түрі: Шетелдік серіктестермен жұмыс кездесуін ұйымдастыру

Жауптылар: ҚПК хатшылығы және ҚР ҰЯО РМК

т.2.10
IV тоқсаны, 2020

«Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зымыран-тасығыштардың авариялық құлауының салдарын бағалауға арналған әдіснамалық тәсілдерді әзірлеу» тақырыбы бойынша ҒЗЖ жалғастыру

Аяқталу түрі: «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК жобасы кезеңдерінің орындалуы туралы ақпарат

Жауптылар: Аэроғарыш комитеті, Молдабеков М.М.

т.2.11
бір жыл ішінде

Келесі тақырыптар бойынша ҒЗЖ жалғастыру: 1. Жер литосферасындағы табиғи және техногендік апаттарды мониторингілеу мен болжаудың жерүсті-ғарыштық технологиялары; 2. Ғарыш аппараттарының жұмыс істеу жағдайларын талдау және болжау үшін ғарыштық ауа райы мониторингі жүйесін құру

Аяқталу түрі: «ҰҒЗТО» АҚ «Ионосфера институты» ЕЖШС ақпараты

Жауптылар: Жантаев Ж.Ш.

т.2.12
бір жыл ішінде

2020 жылы «Асқын шекті орта негізіндегі жасыл технологиялар» НҚБ бойынша ҒЗЖ жалғастыру

Аяқталу түрі: Орындалуы туралы ақпарат ФХЗТӘО, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жауптылар: Наурызбаев М.К.

т.2.13
бір жыл ішінде

ХҚДБ қаржыландыратын және өнеркәсіптік қалалар атмосферасының ластануын төмендетуге және парниктік әсерді азайтуға ықпал ететін энергияның балама көздерін қарқынды пайдалануға және дамытуға бағытталған «Құрлықтық климатты өңірлер үшін үй-жайларды жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға арналған күн көзімен жылынатын каскадтық сорғы» және «Жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға арналған күн көзінің жылу энергиясын маусымдық шоғырландыру технологиясы» тақырыптары бойынша ҒЗЖ жалғастыру (II кезең).

Аяқталу түрі: Қ.Сәтпаев атындағы «ҚазҰТЗУ» АҚ ақпараты

Жауптылар: Қалтаев А.Ж.

т.2.14
бір жыл ішінде

Ақпараттық коммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғаудың отандық құралдарын әзірлеу және іске асыру, ҚР ақпараттық қауіпсіздік саласында білікті кадрларды даярлау

Аяқталу түрі: ҚР БҒМ ҒК «АЕТИ» РМК ақпараты

Жауптылар: Қалимолдаев М.Н.

ҚПК мүшелерінің ПҒҚ бастамасымен және өзге ұйымдармен өткізілетін халықаралық конференцияларына қатысу, қазақстандық қатысушылардың баяндамалары тақырыптарын және жеке құрамын бекіту

т.3.1
бір жыл ішінде

ҚПК мүшелерінің ПҒК және өзге де ұйымдар аясында өткізілетін халықаралық конференцияларға қатысуы, баяндамалардың тақырыптарын және ондағы қазақстандық қатысушылардың дербес құрамын бекіту

Аяқталу түрі: Қатысу бағдарламалары. Баспасөз хабарламалары

Жауптылар: ҚазҰЖҒА президиумі, ҚПК хатшылығы

т.3.2
1-5 наурыз, 2020

63-я Международная Пагуошская конференция «Диалог, а не конфронтация: ядерные риски и разрешение конфликтов» в г. Доха (Катар)

Аяқталу түрі: Қатысу туралы ақпарат

Жауптылар: Школьник В.С., Әбусейітов К.Х., Ахметов Т.З.

т.3.3
30 наурыз-03 сәуір, 2020

Ғылыми әлеуетті дамытуды ынталандыру және ғалымдар мен саясаткерлер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу мақсатында ЯСЖТШҰ (Вена қ., Австрия) ұйымдастыратын ғылыми дипломатия жөніндегі 3-ші симпозиумға Қазақстанның жас ғалымдарының қатысуына жәрдемдесу

Аяқталу түрі: Қатысу туралы ақпарат

Жауптылар: ҚПК хатшылығы, ҚПК Жастар бөлімшесі

Қазақстандық ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының және жекелеген ғалымдардың Пагоуш ғалымдар қозғалысымен байланысын орнатуға және дамытуға жәрдемдесу; Қазақстанның ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен мамандарын Пагуош ғалымдар қозғалысының қызметіне тарту, олардың студенттер мен жастардың Халықаралық Пагуош қозғалысы іс-шараларына қатысуы

т.4.1
бір жыл ішінде

Қазақстандық ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының және жекелеген ғалымдардың Пагоуш ғалымдар қозғалысымен байланысын орнатуға және дамытуға жәрдемдесу; Қазақстанның ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен мамандарын Пагуош ғалымдар қозғалысының қызметіне тарту

Аяқталу түрі: Бірлескен іс-шаралар жоспары. Дөңгелек үстел ұйымдастыру (бейнеконференция)

Жауптылар: ҚазҰЖҒА, ҚПК хатшылығы, ҚПК Жастар бөлімшесі

т.4.2
бір жыл ішінде

Ғалымдардың Пагуош қозғалысына қатысушы елдердің Ұлттық Пагуош топтарымен, соның ішінде жастар топтарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүргізу

Аяқталу түрі: Бірлескен іс-шаралар жоспары

Жауптылар: Миниязов А.Ж., Әлиев С.А. (ҚЯҚ-пен келісім бойынша), ҚПК Жастар бөлімшесі

т.4.3
III тоқсаны, 2020

РФ Пагуош комитетінің жастар бөлімшесімен және ҚПК жастар бөлімшесімен бірлесіп өзекті тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізу

Аяқталу түрі: Дөңгелек үстел ұйымдастыру (бейнеконференция)

Жауптылар: Миниязов А.Ж., Әлиев С.А. (ҚЯҚ-пен келісім бойынша)

т.4.4
тұрақты негізде

ҚПК қызметінің бағыттары бойынша ЖОО және ҒЗИ іс-шараларын ұйымдастыруға және оларға қатысуға жәрдемдесу

Аяқталу түрі: Қатысу туралы ақпарат

Жауптылар: Миниязов А.Ж., Әлиев С.А., ҚПК хатшылығы, ҚПК Жастар бөлімшесі